«Ел боламын десең - бесігіңді түзе» - деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білімі мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты. Егемен еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұлы Абай атамыз айтқандай, білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.
№ 17 жалпы орта білім беретін мектепте Бақтыбаева Жанар Есболатовнаның ұйымдастырылуымен жас ұстаздар арасында «Ең таңдаулы жас маман » атты сайыс өтті. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. «Өзін-өзі таныстыру», «Педагогикалық әрекет», «Сиқырлы сұрақтар», «Жағдаят», «Шығармашылық жұмыс», «Моральды қажеттілік» атты бөлімдерден жас ұстаздарымыз еш қиналмастан өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Қылышбекова Қ.Т Ыбырай Алтынсаринның өмір баянына,шығармашылығына кең тоқталса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Саттаров Жақсыберген А.Байтұрсынұлының әңгімелеріне тоқталып, Нұғманов Н.М Ш. Құдайбердіұлының өмірбаянына кеңінен тоқталды. Бұл бөлімде мұғалімдердің сөйлеу шеберліктері , шығармашылық қабілеттері байқалды. Әр бөлімде өздерінің шынай қабілеттерін байқатып көрермендердің көңілінен шыға білді.
Жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айтбаева А.Қ өзінің іс – тәжірибесін, жас ұстаздардан еш жасқанбай сүйіспеншілігін біріктіру арқылы жаңа дәуірдің жаңа талабына сай шығармашылықпен жұмыс жасауда көптеген жұмыстар жасады.
Сайыс соңында мектеп директоры К.А Катарова құттықтау сөз сөйлеп,
Қылышбекова Қ.А І орын, Саттаров Ж.У ІІ орын, Нугманов Н.М ІІІ орын деп санап, мақтау қағазымен марапатталып, биік шыңдардан көріне берулеріне ізгі -ниетін білдірді.
Комментарии
Динара
чт, 2012-05-03 13:29
Постоянная ссылка (Permalink)
Ең таңдаулы - жас маман.

Д.Б Құматова
№17 орта мектебінің мұғалімі